Кенқаз – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтсүтік бөлігіндегі тау. Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 9 – 10 км-ге созылып жатыр, ені 2 – 3 км. Ең биік жері 1157 м.
Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы тас көмір гранитоидтарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері терең келген аңғар, жыралармен тілімденген. Оңтүстік-шығыс баурайы тік, кей жерлері биік жарқабақты. Тау етегінде көптеген бұлақтар ағады.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, жусан, [обылғы өседі, тал, қараған кездеседі. Тауаралық аңғарлары мен тау бөктерлерінде шалғын басым.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары