Кептертәрізділер () – құстардың отряды.
Негізінен тропиктік аймақтар мен қоңыржай белдеулерде тараған. 2 тұқымдасы: кептерлер және құрып кеткен дронттар бар. Кептертәрізділердің қазба қалдықтары жоғарғы эоценнен белгілі. Қауырсындары тығыз, жемсауы жақсы дамыған. Моногамдар. Негізінен өсімдіктермен қоректенеді. Ұяларын ағашқа да, жерге де салады.
Дереккөздер