Кеуелдер тұқымдасы (Capparaceae) – қос жарнақты, бір не көп жылдық өсімдіктер, кейде бұта не ағаш түрінде кездеседі.
Жапырақтары кезектесіп орналасқан, гүлі қос жынысты (кейде дара жынысты) болады. Жемісі — қорапша, бұршаққын, жидек тәрізді. Кеуелдер тұқымдасының 45 туысқа жататын 700-ден астам түрі тропиктік, субтропиктік және сирек те болса қоңыржай аймақта өседі. Қазақстанда Кеуелдер тұқымдасының 2 туысы кеуел және бұршақбас бар.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кеуелдер Санат:Қазақстан табиғаты