Киікбай – Қарағанды облысы Шет ауданы жеріндегі тау. Ақадыр кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Абсолюттік биіктігі 929 м.
Жер бедері, геологиясы Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Силур жүйесінің жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, қараған, тағы басқа бұталар өседі. Жайылымдық және қыстау (Қараоба) ретінде пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары