Котел – Қалба жотасының оңтүстік-батысындағы оқшауланған тау массиві.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Жарық ауылының солтүстік-шығысында 29 км жерде, Шар және Көкпекті өзендерінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1089 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта созылып жатыр.

Жер бедері Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстігінде Сарыжал жотасы, батысында Қаражал таулары, оңтүстігінде Қарғалы тауы, шығысында Жұмағұл тауы орналасқан.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозойдың тақтатасы, құмтас және интрузивті жыныстардан түзілген.

Өсімдігі Беткейіндегі қызғылт қоңыр, қара топырағында далаға тән өсімдіктер өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары