Көкбайсор – Сілетітеңіз көлінің оңтүстік-батысындағы тұзды көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал ауданы Бөгенбай ауылының оңтүстігінде 13 км жерде орналасқан. Сілеті өзені алабында. Теңіз деңгейінен 207 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 7,3 км2, ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,6 км, жағалау бойының ұзындығы 12,4 км. Жағалауы жазық, түбі тұнба балшықты келген. Жағасы күрделі пішінді, су көп жылдары пішінін жиі өзгертіп тұрады. Орта бөлігінде ұсақ аралдар бар. Қараша – сәуір айлары аралығында суы қатып жатады. Солтүстігінен бұлақ суы құяды. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Көл айдынында жыл бойы су болады. Мал суарылады, жағалауы шабындық.
Санат:Біржан сал ауданы көлдері Санат:Сілеті су алабы