Көкенжон – Балқаш көлі мен Лепсі өзені аралығындағы қырқалы үстірт.

Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданында.

Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 40 – 45 км-ге созылып жатыр, ені 17 – 20 км. Орташа биіктігі 350 – 420 м, абсолюттік биіктігі 467 м. Шығысында Белсексеуіл, оңтүстігінде Лепсі өзені арқылы Күшікжал құмды алқабымен шектелген. Орта тұсында сор батпақ кездеседі.

Геологиялық құрылымы Үстірт палеоген кезеңінің құмтас, туф және туфтектес тақтатастарынан түзілген.

Өсімдігі Шөлдің қоңыр сұр топырағында бұйырғын, еркек шөп, теріскен, көкпек, баялыш, жусан өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сарқан ауданы таулары