Көкжон фосфорит кен орны — Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Кен орны 1939 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1969-1971 жылдары жүргізілді. Кен алаңы 4 телімнен (Аралтөбе, Қыштас, Қисықтөбе, Атқұм) тұрады.
Геологиялық құрылымы Кен ортаңғы кембрий кезеңі шөгінділерімен (Шолақтау шоғыры) жапсарласқан. Төсеніш жыныстар төменгі кембрийдің малтатас, тақтатас, құмайт және аргиллиттерінен тұрады.
Жатыс сипаты Фосфорит қабатының орташа қалыңдығы Қыштаста 15 м, Аралтөбеде 10 м. Фосфорит қабатында қалыңдығы 2-2,5 м фосфорит-кремний жыныстары кездеседі. Қыштаста 400-600 м, Аралтөбеде 300 м тереңдікте де фосфорит қабаты бар екені анықталды. Фосфорит құрылымы кристалды, жабық кристалды, түйіршікті, оолитті; оның түйіршіктері карбонатты, кремнийлі, фосфатты заттармен тұтасқан; құрамындағы Р2О5 мөлшері 22,8%-дан 36%-ға дейін. Көкжон фосфорит кен орны Қаратау фосфорит алабындағы ірі кендер қатарына жатады.Қазақ энциклопедиясы
Тағы қараңыз Жаңатас фосфорит кен орны Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы кен орындары