Көкмұрынтой – Мойынқұм құмының солтүстік-батысындағы төбе.
Географиялық орны Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылының солтүстік-батысында 60 км жерде орналасқан. Шу өзені аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 165 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Асқазансор соры, шығысында Қоңырсай қонысы, оңтүстігінде Қырғызөлген, т.б. артезиан құдықтары, батысында Ақжайқын көлі орналасқан.
Өсімдігі Сор, сортаңды топырақ жамылғысында сексеуіл, жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданы таулары Санат:Төбелер