Көкпекті – Есіл алабындағы өзен, Терісаққан өзенінің оң саласы.
Географиялық орны Ақмола, Қарағанды облыстары жерімен ағады.
Гидрологиясы Ұзындығы 54 км, су жиналатын алабы 781 км2. Аңғары тар, арнасы гранитті, тастақты, құм-саздақты. Қар суымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабының бедері жазық.
Өсімдігі Қоңыр сортаңды жағалауында бұталы, жусанды, қылқан селеулі өсімдіктер өседі. Суы жайылымдарды суландыруға, мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жақсы ауданы өзендері Санат:Нұра ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы