Техас (, ) — АҚШ-тың оңтүстігіндегі, халық саны және жер көлемі бойынша екінші орындағы штат; құрлық штаттарының арасында ең үлкен жер аумағына ие. Атауы Каддо тіліндегі «Tejas» — “достар” яки “одақтастар” деген сөзге негізделген.Texas, origin of name Handbook of Texas Online Техас Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-орталығында орналасқан, оңтүстігінен Мексикамен, батысынан Жаңа Мексикамен, солтүстігінде Оклахомамен, солтүстік-шығысында Арканзаспен, шығысынан Луизиана штаттарымен шектеседі. Техастың жер көлемі 268,820 шаршы миль (696,200 шаршы километр), халқының саны 25,1 миллион адамды құрайды.

Штат туралы Испанияның отаршылдық саясаты кезінде штат Nuevo Reino de Filipinas : La Provincia de Texas атауымен белгілі болды. Бұл атауды бірінші қолданған адам Antonio Margil de Jesús болып, ол 1716 жылы 20-шілдеде Мексика вице-короліне хат жазғанда осы атауды қолданады. Бұл атау күнделікті өмірде көп қолданыста болмағанымен, 1800 жылдардың аяғына дейінгі ресми құжаттарда көп кездесіп тұрады.

Хьюстон Техастағы ең үлкен және АҚШ-тағы төртінші үлкен қала болып есептеледі. Ал Сан-Антонио болса, штаттағы екінші және мемлекеттегі жетінші үлкен қала. Сол сияқты Даллас-Форт Уэрт және Үлкен Хьюстон АҚШ метрополитендік аймақтардағы төртінші және алтыншы орындарда тұрады. Одан басқа ірі қалалар Эл Пасо және Остин сияқты үлкен қалалар болса, штат орталық қалалары болып есептеледі. Техастың тәуелсіз Республика екендігінің және Мексикамен азаттық үшін күресуінің белгісі ретінде штатты “Жалғыз жұлдызды штат” деп атайды. Сондықтан "Жалғыз жұлдыз" бейнесін Техастың туында және штат таңбасында да көп кездестіруге болады.

Техас штатының ресми нышандары мен символдары

География Балконас Фолт сияқты аймақтық және геологиялық ерекшеліктеріне қарай Техаста мемлекеттің оңтүстігіндегі және батыс-оңтүстігіндегі жерлерге ұқсас әр түрлі ландшафттар кездеседі.Sansom, Andrew: Water in Texas: An Introduction, University of Texas Press, 2008, pg. 25 Техас көбінесе оңтүстік-батыс құмды шөлдермен байланысып, штат жалпы аймағының 10%-дан азырақ бөлігін құмдықтар иелейді.Dingus, Anne: The dictionary of Texas misinformation, Gulf Publishing Company, 1987 Халық көп шоғырланған орталықтардың көбісі бұрынғы жайылма, шалғын, орман, жиектердің аймақтарында орналасқан. Штат бойлап шығыстан батысқа қарай саяхат қылсақ, жағалық батпақтармен қарағайлы ормандардан, жазықтармен биіктерден және соңында Биг Бэнд шөлдерімен тауларынан тұратын ландшафттарды байқауымызға болады.

200px|right|thumb|Гвадалупе таулары Техас 268,820 шаршы миль (696,200 километр) аумағымен АҚШ-та Аляскадан соң, екінші орында тұрады. Ол аймағы бойынша Франциядан 10% үлкенірек болса, ал Германия немесе Жапония сияқты елдерден дерлік екі есе артық. Егер Техас ел болғанында, Чили және Замбиядан соң 40-орында тұрар еді.

200px|left|thumb|Хилл өлкесі 200px|right|thumb|Генри(Хенри) көлі Техас АҚШ-тың оңтүстік орталығында орналасқан. Штаттың үш шекарасы өзендермен тұтасқан. Рио-Гранд оңтүстікте Мексиканың Чиуауа, Коауила, Нуэво-Леон и Тамаулипас штаттарымен шекара жасайды. Қызыл өзен болса солтүстікте Оклахома және Арканзаспен шекара жасайды. Сабин өзені болса шығыста Луизиана штатымен шекара жасайды. 10 климаттық аймағы, 14 қыртыс аймағы және 11 ерекше экологиялық аймақтарымен регионалдық классификациялау әр түрлі қыртыс, топография, геология, шөгулер, өсімдік және жануарлар қауымдастығымен проблемаға айналады.

Техаста 3700 атаулы тасқындар және 15 ірі өзендер бар. Осы өзендердің ең ірісі Рио-Гранд. Басқа да Пекос, Брезос, Колорадо және Ред-Ривер сияқты өзендер болса Оклахомамен шекарада орналасқан. Әйтседе Техаста табиғи көлдер болғанымен Техастықтар 100-ден аса жасанды су сақтағыштар орнатты. Техастың аумағы және бірегей тарихы оның аймақтық жабдықтарын даулы етіп тұр. Құқық бойынша ол Оңтүстік немесе Оңтүстік-Батыс мемлекеттік болуы керек не екеуі де бірден болуы мүмкін.

Геология right|thumb|Ллано Эстакоданың көленкеленген рельеф картасы left|thumb|Пало Дуро каньоны Техас Мексиканың батысындағы Сьерра-Мадреге қарама-қарсы оңтүстігінде аяқталатын Ұлы тегістердің ең оңтүстік бөлігі болып табылады. Континенттік қыртыс кең континенттік өлке және транзиттік қыртыс арқылы Мексика бұғазының мұхиттық қыртысқа айналатын тұрақты кратон мезопротезоикты қалыптастырады. Техастағы ең ескі тау жоталары мезопротезоиктардан басталып, олардың жасы шамамен 1600 миллион жылды құрайды. Бұл Кембрияға дейінгі магмалық тау жоталары мемлекеттің көп бөлігі негізінде жатыр және ол үш орында өз көрінісін тапқан: Ллано өрі, Ван Хорн және Эль Пасоға жақын Франклин тауларында. Көптеген осы ескі таулар шөгінді тау жыныстарын құрайды.

Климат right|thumb|Техастағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшері right|thumb|Техастағы жылдық орташа температура Техас үлкен аймағы болғандықтан және көп зоналардың қиылысында орналасқандықтан, климаты құбылмалы болып келеді. Мемлекеттің Панхендл бөлігінде Солтүстік Техасқа қарағанда қыс суығырақ келеді, ал бұғаз жағаларында қыс қоңыржай болып келеді. Техаста тұндырулар мысалында көп өзгерістер кездеседі. Штаттың батыс бөлігі, Эль Пасода жылдық жауын мөлшері 8 дюймды (200 мм) құраса, оңтүстік-шығыс бөлігі Хьюстонда болса жылдық жауын мөлшері 54 дюймды (1400 мм) құрайды. Солтүстік орталық аумақ Далласта жылына бір қалыпты 37 дюйм (940 мм) болып есептеледі.

Қар жылына Техастың батыс жағындағы Панхендл және таулы аймақтарда көп мәрте жауса, Солтүстік Техаста жылына бірнеше мәрте, ал Орталық және Шығыс Техаста бірнеше жылда бір-ақ рет қана жауады. Кездейсоқ жағдайлардан тысқары Сан-Антонионың оңтүстігінде және жағалауларда қар сирек жауады. 2004 жылы Жаңа жыл қарсаңында боран болғанда Кингсвиллдің оңтүстігіне қар жауғанда, желтоқсандағы орташа температура - 65° градусты құрады. Максималдық температура жазғы кезде орташа есеппен Батыс Техас тауларында 80 °F(26 °C) градус болса, Рио Гранд алабындағы Галвестон аралында 100 °F(38 °C) градусқа дейін көтеріледі. Бірақ Техастың көпшілік аймақтарында бірізді жазғы жоғары температура 90 °F (32 °C) диапазонында болады. Түнгі жазғы температура 50 °F(14 °C) градустан (Батыс Техас тауларында) 80 °F(26 °C) градусқа дейін (Галвестонда) болады.

Найзағай Техаста жиі ойнайды, әсіресе, шығыс және солтүстік бөлігінде, алайда штаттың солтүстік аудандарын торнадолар шайып кетеді. АҚШ-тағы торнадолардың басым бөлігі осы Техас аймағында болып, олар жылына орташа есеппен 139 рет келеді. Олар көбінесе Техастың солтүстік бөлігіне және Панхендлге көбірек соғады.NOOA.gov National Climatic Data Center. Тексерілген 24 қазан 2006. Торнадо негізінен штатта сәуір, мамыр және маусым айларында жүз береді. Accessed 2008-07-22

300px|left|thumb|1915 жылдағы Галвестондағы дауылдың зияны

Америка тарихындағы ең күшті қиратушы дауылдардың бірнешесі осы Техасқа қарай келген. 1875 жылы Индианоледегі дауыл 400 адамды өмірден алып кеткен болса, 1886 жылдағы дауыл болса бүкіл бір қаланы қырып жіберді. Бұл оқиғалар Галвестонға негізгі порт қала болуына мүмкіндік берді. 1900 жылдағы Галвестон дауылы бір қаланы тазалап шамамен 8000 адамды қырып (мүмкін толық 12000 адам), АҚШ тарихындағы ең үлкен өлім апаты болып есте қалды. Техастағы басқа да дауылдар 1915 жылы Галвестон дауылы, 1957 жылы 600-ден астам адам өлген Одри дауылы, 1961 жылы Карла дауылы, 1967 жылы Беула дауылы, 1983 жылы Алисия дауылы, 2005 жылы Рита дауылы және 2008 жылы Дауылды Иконоскоп.

Техас АҚШ-та көптеген парникте өндірілетін газдарды шығарады. Штат жылына дерлік 1.5 триллион фунт (680 миллиард кг) көмірқышқыл газын шығарады. Тәуелсіз ел ретінде Техас дүние жүзі бойынша парникте өндірілетін газ көлемі бойынша жетінші орынды алған болар еді. Мемлекеттің осындай газды шығаруының себебі көмір электростанцияларының көптігінен және тазалаушы, өңдеуші өндіріс орындарының көп болуынан болып табылады.

Тарихы «Техастағы алты ту» атауы штат аумағындағы басшылық еткен халықтарды білдіреді. Испания Техас аймағында басшылық еткен алғашқы Еуропалық ел. Франция Техаста қысқа мерзімді отаршылдық саясатын жүргізеді. Мексика болса бұл өңірді 1836 жылға дейін, яғни Техас Республика ретінде тәуелсіздік алғанша өз бақылауында ұстайды. 1845 жылы штат АҚШ-қа 28-штат ретінде қосылады. Мемлекет аннексиясы 1846 жылы Мексика-Америка соғысының басталуына себепші болды. 1861 жылы Техас АҚШ құрамынан шығып, Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде Америка штаттары конфедерациясына кіруін жариялады. Соғыстан соң Одақ аяқ тұруына дейінгі ұзақ мерзімде штат экономикалық құлдырау кезеңін бастан кешірді.

Азаматтық соғыстан соң Техаста дамыған бірден-бір өндіріс мал шаруашылығы еді. Штат көп жылдар бойы шаруашылықтың орталығы болған соң, Техасты халық көбінесе ковбоймен байланыстырады.

Еуропаға дейінгі уақыт Техас Солтүстік Америкада Колумбқа дейінгі екі ірі мәдениет ортасында болды: олар оңтүстік-батыс және жазық аймақтар. Археологтар осы аймақтарда үш ірі жергілікті мәдениеттің болғандығын және олар Еуропамен қарым-қатынастарға дейін жоғары дәрежеде дамығанын анықтаған. Олар:Richardson (2005), p. 9. Пуэбло Рио Грандтың жоғары бөлігіндегі аумақ болып, Техастың батысында орналасқан; Миссисипи мәдениеті, Оба құрылысшылары деп те аталады. Ол Техастың шығыс бөлігіндегі Миссисипи өзені аңғары бойында жайылған. Техас оңтүстігінде Мезоамерика өркениеті орналасқан. Теотиуаканың ықпалы Солтүстік Мексикаға 500 жылда өз шыңына жетіп, тек ғана 8-10 ғасырларда бәсеңдей түсті.

Қазіргі таңда Техас аумағында еш бір мәдениет басыңқы болмағандықтан, көптеген адамдар осы штатқа қоныстанып жатыр.Richardson (2005), p. 9. Техаста өмір сүрген америкалық тайпаларға Алабама, Апаче, Атакапан, Бидай, Каддо, Коавильтектер, Команчи, Чокто, Коасати, Хасинай, Хумано, Каранкава, кикапу, Киова, Тонкава және Уичито.Richardson (2005), pp 10–16

Техас сөзі Хасинай тайпасының Каддо тіліндегі “táyshaʔ” сөзінен келіп шығып, “достар” және ”одақтастар” дегенді білдіреді.Richardson, p 1Wallace Chafe, p.c. Америкалық тайпалар жаңадан келушілерге достық қарым-қатынаста болып, ал жауынгерлері болса, штатқа келген Еуропалық зерттеушілермен көшіп келушілер тағдырына қарсы болды.Richardson, p 10 Тату тайпалар жаңадан келгендерге байырғы дән мәдениетін қалай өсіруді, тамақ жасауды және аңға қалай шығуды үйретті. Ал жауынгер тайпалар болса, өздерінің шабуылдары және қарама-қайшылықтарымен Еуропалықтардың өмірін өте мүшкіл және аса қауіпті халге жеткізді.Rupert N. Richardson, Adrian Anderson, Cary D. Wintz & Ernest Wallace, Texas: the Lone Star State, 9th edition, New Jersey: Prentice Hall, 0131835505, pp.10–16

Отаршылдық саясаты 300px|left|thumb|Техас аумағында басшылық еткен елдер тулары Техасқа байланысты ең алғашқы тарихи құжат Мексика бұғазы жағасының картасы болып, ол карта 1519 жылы Испания зертеушісі Алонсо Альварес де Пинада жасаған.Chipman (1992), p. 243.Weber (1992), p. 34. Тоғыз жылдан соң кемеде апатқа ұшыраған испан зерттеушісі Альвар Нуньес Кабеса де Вака және оның жолдасы штатқа алғашқы аяқ басқан еуропалықтары болды. Еуропалық күштер 1685 жылы кездейсоқ штатқа келмейінше Техасты елемеген болатын. Рене Роберо Кавелье де ла Саленің жаңылыс есептеуінің себебінен ол отарды Миссисипи аумағында емес, Матагорда бұғазындағы Сент-Люис фортында орнатты.Weber (1992), p. 149. Отаршылдық саясаты қиын жағдайдан және жергілікті халықтардың қолынан өлгенге дейін төрт жыл ғана жалғасты.Chipman (1992), p. 83.

1690 жылы Францияның Шығыс Техаста бірнеше миссиялар атқаруы арқылы бәсекелестік танытуы Испанияға қатер салды.Chipman (1992), p. 89. After Native American resistance, the Spanish missionaries returned to Mexico.Weber (1992), p. 155. Америкалық индейстердің қарсылығынан соң, испандықтар Мексикаға қайтуына мәжбүр болды. Франция Луизиана штатының көпшілік оңтүстік бөлігіне көшіп келгенде, 1716 жылы Испания үкіметі Шығыс Техаста жаңа миссиялар орындаумен Франция еліне жауап қайтарды.Chipman (1992), pp. 111–112.Weber (1992), p. 160. Екі жыл өтіп бірінші испандық азаматтық қоныс ретінде Сан-Антониоға негіз салды.Weber (1992), p. 163.