Көксу – Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысының Ескелді, Көксу аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 205 км, су жиналатын алабы 4670 км2.
Бастауы Бастауын Жетісу Алатауындағы Басқан мұздығының оңтүстігінен алып, Көксу темір жол станциясында тұсында Қаратал өзеніне құяды.
Гидрологиясы Қараарық пен Қазан бастауларының қосылған жерінен Көксу аталады. Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Арнасының жағасы тік, биіктігі 4 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 5 – 10 м-ден аспайды. Ағысы қатты, суы мол. Жылдық орташа су ағымы Көксу а. тұсында 37 м3/с. Өзен суы шабындықтарды суландыруға, егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ескелді ауданы өзендері Санат:Көксу ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы