Көктөрткіл – Қаратау таулары мен Маңғыстау үстірті аралығындағы сайлы-жыралы келген жазықтағы тау.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 271 м.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Шағын төрткілді келген таудың беткейі көлбеуленіп, төңіректегі жазықпен ұласып кетеді. Неогеннің әктас, бор жыныстарынан түзілген. Куэстер жиі кездеседі. Солтүстік-батысында Бекі ауылы мен құдығы (тереңдігі 12 м, су шығымы 800 л/сағ) орналасқан.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы таулары