right Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров (1884, бұрынғы Атбасар уезі, Терісаққан болысы – 1929, Алматы) - Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. Өмірбаяны
1913 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Әйелі Мәриям – белгілі қазақ заңгері Жансұлтан Сейдалиннің қызы. Жанайдаров университетті бітіргеннен кейін Ресейдің Витебск губерниясында қаржы саласының тексерушісі болып қызмет атқарған.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7 М.Дулатов, Мұстафа Шоқай, А.Бірімжановтармен бірге Ресейдегі Ақпан, Қазан төңкерістері қарсаңында қазақ даласында етек алған ұлттық-демокр. қозғалысқа белсене араласқан. 1916 жылы Витебскіден елге оралып, Атбасар қаласында салық инспекторы болып қызмет істейді. 1916 жылы майдан жұмысына алынған қазақ жастарына көмек көрсету ісіне ат салысқан. 1917 жылы шілдеде Орынборда өткен 1-жалпықазақ съезіне Ақмола облысынан делегат болып қатысты. 1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынбордағы 2-жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда үкіметі мүшелігіне сайланды. 1918 жылы Ә.Бөкейхановтың жарлығымен Ақмола облысының соты болып тағайындалды. Қазақ автон. республикасы құрылғаннан кейін Орынбордағы респ. қаржы халық комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссарының орынбасары, халық комиссары болып қызмет істеген. Астана Қызылордаға көшірілгенде Қазақстанның ауыл шаруашылығы банкін басқарды.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:1884 жылы туғандар Санат:Ұлытау ауданында туғандар Санат:1929 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан судьялары Санат:Қазақстан қаржы министрлері