Көңсары – Қалба жотасының солтүстік-батысындағы тау сілемі.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Суықбұлақ ауылының солтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Шар өзені аңғарында.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 586 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.
Геологиялық құрылымы Палеозойдың тақтатас, құмтас және интрузивті жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Беткейіндегі қызғылт қоңыр, қара топырағында далаға тән өсімдіктер мен терек, бұталар өседі. Етегінде өзімен аттас қыстау бар. Мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары