Көтбас – Қараүңгір тауларының оңтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз және Алматы облысы Алакөл аудандарының аралығында орналасқан.

Жер бедері Абсолютiк биіктігі 846 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.

Геологиялық құрылымы Девон және тас көмір кезеңдерінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Аласа таудың сортаң түсті қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Жазғы жайылымға пайдаланылады, мал қыстаулары бар.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Аягөз ауданы таулары