Круглая – Иванов жотасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау массиві.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Үлбі өзені аңғарында.
Жер бедері Абсолютiк биіктігі 1610 м. Ұзындығы 3 км-ге , ені 1 км-ге дейін созылып жатыр. Беткейі тік жарқабақты, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Оңтүстік беткейінен Кіші Үлбі өзенінің салалары, шығысынан Сержиха өзенінің салалары бастау алады. Беткейін қылқан және жалпақ жапырақты орман алқабы алып жатыр.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы таскөмір кезеңінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Глубокое ауданы таулары