Күйелі Қаратау – Айтау тауларының солтүстігіндегі тау массиві. Хантау тауларының солтүстік-шығыс сілемі.
Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 804 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км. Батысында Хантау, солтүстігінде Қызылбастау тауларымен шектеседі. Солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстігі қырқалы төбе болып келеді. Етегінен Күйеліқара, Ботабөрім өзендерінің салалары бастау алады.
Географиялық құрылымы Каледон-герциндік тау жаралу процесінде қалыптасқан. Палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатасынан, каледондық граниттен түзілген.
Өсімдігі Тау етегінің саздақты бозғылт топырағында жусан бітік өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы таулары