Күркелі – Баянауыл тауларының оңтүстігіндегі шоқылы тау.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының оңтүстік-шығысында 38 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 775 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге, енді жері 4,5 км-ге созылып жатыр.
Жер бедері Көлбеу келген беткейлері бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы силур мен девон кезеңдерінің кристалды гранит, тақтатас жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, бетеге, т.б. дала өсімдіктері мен бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары