Кіндікті – Нұра алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Шолақшалқар көлінің солтүстігінде 4 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 8,6 км2 (қуаңшылық жылдары аумағы 4,1 км2-ге дейін кішірейеді). Теңіз деңгейінен 317 м биіктікте. Ұзындығы 3,4 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Кіндікті суды 47,9 км2 жерден жинайды. Жағалауы жайпақ, аз тілімденген. Оң түстік-шығысында шағын түбек екі шығанақты құрайды, сол түстігінде кішірек келген арал бар. Түбі лайлы. Еріген қар суымен толысады. Жазда құрғап қалады. Суы тұзды және кермекті, ішуге жарамсыз.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қорғалжын ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы