Кіші Қараой – Есіл алабындағы тұзды көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 53,6 м биіктікте. Аумағы 100,8 км2, ұзындығы 12,7 км, ені 12,1 км, жағалау бойының ұзындығы 73,4 км. Көл қазаншұңқыры дөңгелек пішінді, түбі тегіс, біраз бөлігі тұнбалы. Жағалаулары жайпақ, батпақты.
Өсімдігі Су жиналатын алабының 80%-ы жыртылған, қалған бөлігінде бетеге, сұлыбас, боз өскен. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Ақжар ауданы көлдері