Кішімайлан – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы күмбез тәрізді тау. Ауданның батысында, Сілеті өзеннің оң жағалауында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 352 м, ұзындығы мен ені 600-800 м. Тіктеу келген батыс беткейі Сілеті өзеніне тіреледі, шығысы – көлбеу.

Геологиялық құрылымы Жоғарғы девонның интрузивті тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын аллювийлі шөгінділер жапқан.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр және шалғынды топырақтарында әр түрлі шөптесінді бетеге, ал кейбір жерлерінде астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер өскен. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары