Кіші Тораңғыл – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы көл. Есіл су алабына жатады.

Новопокровка және Белоглинка ауылдары аралығында орналасқан. Теңіз деңгейінен 179,2 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 25,5 км2, ұзындығы 6,4 км, ені 5 км, жағалау бойының ұзындығы 18,4 км. Суының көлемі 89 млн. м3, су жиналатын аумағы 970 км2.

Жағалау сипаты Жағалауы құмдақты, тік жарлы келген. Көл түбі негізінен тегіс, тұнбасының қалыңдығы 0,1 – 0,3 м. Суының минералдылығы 2,5-тен 8 г/л-ге дейін. Балдырларға бай (52 түрі кездеседі), олар 4 түрге (көк жасыл, жасыл, диатомды және эвгленді) бөлінеді. Балықтың 19 түрі кездеседі. Көл облыстағы балық аулайтын негізгі нысандардың бірі. Суы түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Шал ақын ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері