Қағыл – Желдіадыр тауларының солтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 570 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта шамамен 10 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейлері көлбеуленіп жазыққа ұласады. Солтүстігінде Қашырлы таулары, шығысында Сарыоба, оңтүстігінде Ақтасты, батысында Жидебек таулары орналасқан.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында дала өсімдіктері өседі. Етегі мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары