Азынау- ұзақ созылған жағымсыз, қалыптан тыс дыбыс. Ежелгі Тәңір дінінің басты өкілі — бақсының қобыз сарындары азынау деп аталған. Қазақтың аспаптық музыкасында «азынау күйлер» деп аталатын сирек кездесетін жанр бар. Сондай-ақ, суық желдің гуілдеп соғуын азынау дейді. Қазақта айғырдың азынауы мен жылқының шұрқырауын, түйенің сарнап бұрқырауын да жамандықтың белгісіне, дәлірек айтсақ, жаугершілік, зілзала, ұрыс болады деп жамандыққа жориды. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология