Бәйкен Әшімұлы Әшімов (10 тамыз 1917, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі, Айыртау болысы Шабанбай би ауылы (қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданы) - 5 ақпан, 2010, Алматы) — Кеңес одағының саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1977).

Өмірбаяны Әкесі Әшімнің ұлы дүниеге келгеннен кейін алты айдан соң көз жұмыпты. Анасы Сақып ерінің соңында ұлын өсіреді. Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.Казахская политическая и интеллектуальная элита: клановая принадлежность и внутриэтническое соперничество — тема научной статьи по истории и историческим наукам читайте беспла…. Петропавлға келіп ФЗО-ға түседі. Қызылжар ауыл шаруашылығы техникумын (1938) бітірген. Сол кездегі қазақ жастары үшін таңсық кәсіп-агрономдық мамандықты игеруге аңсары ауып, қиырдағы Ленинград қаласына бағын сынауға келеді. Ленинградтағы зоология және фитопотология институтына түсіп, агроном-ғалым мамандығын (1957) алып шығады. КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін (1969) бітірген. 1938 — 41 ж. армия қатарында 1941 — 42 ж. Айыртау ауданы орта мектебінің мұғалімі болды. 1942 — 45 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1945 — 61 ж. Айыртау, Зеренді аудандарында және Көкшетау облысы партия комитетінде басшылық қызметтер атқарды. 1961 — 70 ж. Қарағанды, Талдықорған облыстарын басқарды. 1970 — 84 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы 1984 — 85 ж. Қазақ КСР Жоғорғы Кеңесі Төралқасының төрағасы болды. 1985 жылдан дербес зейнеткер.

Еңбектері Тың жерлерді игеру және Қазақстанның ауылдық жерлерінің экономикасын көтеру жұмыстарына белсене араласқан. Осы кезеңдерде Қазақстанда: Қазақ газ өңдеу зауыты Ақтау пластмасса зауыты Қарағанды резина-техникалық бұйымдар зауыты Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары Қарағанды металлургия комбинатының ақ қаңылтыр шығару цехы Екібастұз және Ақсу аймақтық электр станциялары Қапшағай су электр станциясы Жәйрем кен байыту комбинаты, т.б. ірі өнеркәсіп орындары салынды, өндіріс технологиясы жаңартылып, ғылым мен техника жетістіктері кеңінен пайдаланылды. Сол кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан КСРО бойынша үшінші орынға (РКФСР мен Украинадан кейін) шықты.

Марапаттары Социалистік Еңбек Ері (1977) Отан ордені (2007) Парасат ордені (2001) төрт рет Ленин ордені екі рет Еңбек Қызыл Ту ордені екі рет I дәрежелі Отан соғысы ордені Қызыл жұлдыз ордені Жауынгерлік еңбегі үшін медалі басқа да КСРО және Қазақстан медалдары «Виртути Милитари» ордені (Польша) Солтүстік-Қазақстанская облысының құрметті азаматы Көкшетау қаласының құрметті азаматы

Дереккөздер

Санат:Ғабит Мүсірепов ауданында туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағалары Санат:Жауынгерлік ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматтары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО капитандары Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Virtuti Militari орденінің Күміс белігісінің иегерлері Санат:Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақ КСР үкіметінің басшылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақ Кеңесінің Қазақстан округтерінен сайланған депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің Одақ Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасарлары Санат:Ұлы Отан соғысындағы саяси қызметкерлер Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО аудандық кеңесінің депутаттары Санат:БЛКЖО функционерлері