Мөнекей — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Зайсан көлінің солтүстік жағалауында 20 ғасырдың орта тұсына дейін Балықшы ауылдық округі құрамында болған ауыл.
Географиялық орны Ауыл орны аудан орталығы - Күршім ауылынан оңтүстікке қарай Зайсан көлінің солтүстік-шығыс жақ жағасында орналасқан.
Тарихы 18 ғасырда сол жерде жалғыз үй болып, онда Мөнекей есімді моңғол балық аулап күн көрген. Оның қасына көл балығын азық еткен қазақтар келіп, біртіндеп қоныстана бастаған. Сөйтіп шағын ауыл пайда болып, кейінірек Мөнекей ауылы аталады.
Ауыл сипаты Колхоздандыру кезінде Мөнекей колхоз болып, Балықшы ауылдық кеңесіне қараған. Жергілікті халық балық аулап, егін салып, мал өсірді. Ұлы Отан соғысы басталғанда бұл ауылдан 70-ке жуық адам аттанған, аман қайтқандары аз, көпшілігі хабарсыз кеткен. Соғыстан кейінгі жылдары ауылда мектеп, кітапхана және клуб болған. 1959 жылы мамыр айында ол жерді бір түнде су басып, ауыл толығымен су астына кетеді, халық үдіре көшіп, ауылдан 3 км оңтүстікке қарай, көлдің биіктеу жағалауы, Аманат қыратына қоныстанған. Сөйтіп ол жерде Аманат ауылы пайда болған. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қарасты ауылдар туралы деректер. 1967.
Тағы қараңыз Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мөнекей ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлер Аманат
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданының таратылған елді мекендері