Қазбауыр, птилотрихум () — орамжапырақ тұқымдасына жататын шала бұта. Жерорта теңізі жағалаулары мен Орта Азияда кездесетін 13 түрі белгілі.
Қазақстанда далалық аймақтардың малтатасты және құмды жерлері мен тау беткейлерінің құрғақ бөліктерінде өсетін 2 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні — көк қазбауыр (). Оның биіктігі 2 – 10 см, өсімдіктің өркендері сүректенген, түп жағы қалың жапырақты. Жапырақтары таспа тәрізді немесе ұзын болады (ұзындығы 4 – 10 мм, ені 1,5 мм-дей). Тостағанша жапырақшалары түп жағынан қапшық сияқты болып келеді де, тік өседі. Күлтелері ақ түсті, гүлдері қалқанша гүлшоғырына топталған.
Мамыр–маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі — жұмыртқа тәрізді бұршаққын, оның сыртын жұлдызша тәрізді түктер жауып жатады. Тұқымы ұзынша эллипс сияқты, ұзындығы 1,5 мм-дей.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Орамжапырақтар