Қайқаң, Бұланбай – Жүнжүрек тауларының солтүстігіндегі тау массиві.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Тоқжайлау ауылының солтүстік-шығысында 2 км жерде орналасқан. Алакөл көлінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2385 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 25-27 км шамасында созылған, енді жері 14 км-ге жуық. Солтүстік-шығыс беткейі тік жарқабақты, батысқа қарай еңістеніп өзен арнасына тіреледі. Беткейлерінен бастау алатын өзен салалары Жаманты, Орта Тентек өзендеріне құяды.

Геологиялық құрылымы Девон және силур кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Таудың қоңыр, қара топырағында бетеге аралас астық тұқымдастары, бұта және жалпақ жапырақты орман өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы