Қайыпмергеннің қарасуы – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 2150 км².

Бастауы Бастауын Сасырлы тауының батысындағы қыраттан алып, Шабдаржуған (455 м) тауының солтүстік-батысында 15 км жерде Жаңасортаң қонысында тартылып қалады.

Гидрологиясы Негізінен жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Ағыны көктемде 15 – 20 күндей ғана болады, жаздың ыстық айларында төменгі және орта ағыстары құрғақ арнаға айналып, жоғарғы ағысы қарасуларға бөлініп қалады. Қайыпмергеннің қарасуы көктемде мал суаруға қолайлы.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы