Қаңтарбай – Желдіқара тауының солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1096 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5-3 км. Беткейі тік жартасты, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Аягөз өзенінің аңғарында. Солтүстігінде Биесимас, шығысында Батпақ, оңтүстігінде Сынтас, батысында Берікқара таулары орналасқан.
Өсімдігі Таудың жонды белестеріндегі қара топырақ жамылғысында бетеге, селеу, қылқан боз, қызыл қау, бұталар өседі. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары