Қараайғыркөл – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы көл. Ряжское ауылының шығысында 1 км жерде, теңіз деңгейінен 168 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 6,1 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,6 км, жағалау бойының ұзындығы 11,8 км. Көл түбі тегіс, 0,1 м тұнба шөккен. Қар және жер асты суымен толығады. Қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің ортасында ериді.

Жағалау сипаты Жазық жағалауында қамыс, құрақ өскен. Аңғары шабындық және жайылым.

Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері