Қарабасқұм – Іле өзенінің сол жағалауындағы құмды алқап.

Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданының солтүстігінде жатыр.

Жер бедері Ең биік жері 533 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 46 км-ге созылып жатыр, енді жері 23 км шамасында. Іле өзенінің әсерінен пайда болған аллювийлі жыныстардан тұрады. Құм шағылдардың биіктігі 20 – 22 м.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жүзгін, сарсазан, қарабарақ, ақ сексеуіл, жыңғыл, етегінде қамыс, тораңғыл өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы құмдары