Қаражан – Солтүстік Балқаш алабындағы Қусақ өзенінің саласы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы, Ақтоғай ауданындары жерімен ағатын өзен. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алкабы 480 км2.

Бастауы Қоңыртемірші тауының солтүстік-шығысынан басталып, Татан ауылы тұсында Қусақ өзеніне құяды.

Гидрографикасы Арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Ағын көктемде 10-12 күндей болады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су шығыны 0,06 м3/сек. Жайылмасы — шабындық.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Балқаш су алабы Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері