Айнабұлақ су құбыры – Алматы облысының Көксу ауданындағы су құбыры. Ұзындығы 7,8 км, диаметрі 200 мм. Ол Түрксіб т. ж. салынуына байланысты Айнабұлақ т. ж. ст. тұрғындарын ауыз сумен және паровоздарын сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Су айдағыш 2 сорғының қуатымен биік мұнараға көтерілген су (165 м³/сағ.) үйді-үйге тарайды.Қазақ ұлттық энциклопедиясыЖетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Қазақстан су құбырлары