Айыртау белгі тасы , Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Ұлытау ауылына жақын, Айыртау етегінде орналасқан. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ұлт және мәдениет мәселелері жөніндегі комитетінің Жезқазған – Ұлытау өңірінде өткізілген көшпелі мәжілісіне қатысушылар қойған белгі тас. Оған «қазақ халқының бірлік тұтастығын паш ететін оқиғалардың ескерткіші ретінде қойылды» деп жазылған. Сол белгі тас басында; 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жиын өткізілді. Осы жерде 2005 жылы «Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі» монумент]і бой көтерді.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Қарағанды облысы