Ақбас қаз () – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын қаздың бір түрі.
Орталық Азияның биік таулы аймақтарында (Алтай, Тянь-Шань, Памир, Алай), көлдер мен өзендердің аңғарын мекендейді. Басы мен мойнындағы қауырсыны ақ түсті болғандықтан ақбас қаз деп аталған, кейде биік таулы аймақтарда кездесетіндіктен «тау қазы» деп те атайды. Ақбас қаздың салм. 2 – 3 кг, аяғы біршама ұзындау келеді, құрлықта жылдам жүріп, тез жүгіре алады. Тіршілігінің көп уақыты құрлықта өтеді, түлеген кезде ғана суда жүзіп жүреді.
Су жағалауындағы өсімдіктердің тамырымен, жапырағымен, тұқымдарымен, балдырлармен, кейде ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Қазақстанның оңт.-шығыс аймағындағы (Алматы, Жаркент, Райымбек өңірінде), Зайсан қазаншұңқырының сулы-батпақты жерінде кей жылдары кездесіп қалады. Соңғы жылдары саны азайған, қорғауды қажет етеді.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Суреттер
Дереккөздер
Санат:Қаздар