нобай|Дала аққурайы Аққурай (Psoralea) – бұршақ тұқымдасына жататын бұта, көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Маңғыстаудың құмды жерлерінде қаулап өседі. Қазақстанда сүйекті Аққурай (P. drupacea) түрі кездеседі. Ол Оңтүстік Қазақстанның тау бөктерлерінде, құмды жерлерде қаулап өседі. Биіктігі 100 – 120 (200) см. Тамыры тереңге кетеді. Бұтақталған түкті сабағы тік болады. Жабысқақ безді жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшқұлақты келеді. Ұсақ ақ, қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығында орналасады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Аққурайдан жақсы сүрлем шөп дайындалады. Бұл өсімдікті қой мен түйе қыста сүйсініп жейді. Оның 1 га-сынан 10 – 25 ц шөп жиналады. Аққурай құрамында эфир майы болғандықтан, медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағының талшығынан арқан есетін жіп алынады.Қазақ Энциклопедиясы
The Plant List дерекқорына сәйкес, бұл өсімдіктің 101 түрі барPsoralea (англ.). The Plant List. Version 1.1. (2013). Дата обращения: 23 августа 2016. Архивировано 5 сентября 2017 года..
Дереккөздер
Санат:Бұршақтар тұқымдасы
Санат:Қазақстан табиғаты