Ақмолакөл – Қостанай облысы Науырзым ауданы Ақжол қыстауының солтүстік-шығысында 13 км жерде орналасқан көл.
Гидрографикасы Аумағы 4,0 км2. Теңіз деңгейінен 230,0 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 2,5 км, ені 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 8,2 км.
Жағалау сипаты Көл жағалауының біршама жерін қамыс құрағы басқан. Жазық келген жағалауында бұта аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Олар шабындыққа пайдаланылады.
Санат:Науырзым ауданы көлдері