Ақсарыгүл , кастиллея () – сұңғыла тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты Қазақстанда құрғақ далалық жерлерде, сортаңды, жайылмалы шалғындарда, қайыңды-қарағайлы ормандар мен бұталар арасында, тау беткейлерінде, егістіктер арасында өсетін 1 түрі – түссіз Ақсарыгүл (Cаstіlleja pallіda) бар. Биіктігі 14 – 32 (50) см, сабағы тік, 2 – 10-нан шоғырланып немесе жеке өседі. Жапырақтары ұзынша. Гүлшоғыры масақ тәрізді, ұзындығы 3 – 8 (12) см, ені 1,8 см. Күлтесі ақшыл сары не ақ түсті, кейде үстіңгі жағы қызғылт болады. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша, екі бөлікті, қоңыр түсті қорапша. Тұқымы ұсақ, үшбұрышты, сырты жылтыр.
Дереккөздер
Санат:Сұңғыла тұқымдасы