Ақсораң полиметалл кен орны - Қарағанды облысы Шет ауданының жерінде орналасқан.

Геологиялық құрылымы Ақсораң – Ақжал тектоникалық белдемінің батысында, ортаңғы және жоғарғы палеозой гранитоидтары мен жоғарғы девон-төменгі тас көмір шөгінділері жапсарындағы скарн, мүйізтас, мәрмәрлары арасынан орын алады.

Минералдары, құрамы Шақпақтасты әктастардың созылым бағытына сәйкес жатқан қабатша, линза пішінді кен массасының қабаттарындағы галенит, сфалерит, халькопирит, пирит сияқты кен минералдары сеппе, сеппе-тарам, тамыршалар түрінде тараған. Кенді емес минералдардан кварц, волластонит, кальцит бар. Кенді ашық әдіспен қазып алуға болады. Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары Санат:Полиметалл кендері