Ақшайыр () – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанда жусанды-сораңды алқаптарда, шабындық жерлерде, аласа тау баурайларында өсетін 6 түрі белгілі. Бұлардың биіктігі 10–35 см, сабақтары түбіне қарай қатаң, қалың киіз түкті. Жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі тегіс. Себеттері көп гүлді, масақ немесе қалқан шоғыр құрайды. Гүлдері түтікті, тозаңқаптары ұзынша келеді. Маусым – тамызда гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымдары жұмыртқа немесе ұршық тәрізді, сыртын емізікшелер жапқан айдаршасы боладыҚазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V-том.
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер