Алагүлік () – қатты қанаттылар сабының зауза қоңыздар тұқымдасына жататын зиянкес қоңыз.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысында кездеседі. Дене тұрқы 11 – 21 мм, түсі сарғыш жасыл келеді, жағымсыз иісі болады. Алагүліктің даму мерзімі 1 жыл. Топыраққа бірнеше мыңдаған жұмыртқа салады. Дернәсілдері жабайы араның ұясында тіршілік етеді. Жалған қуыршақ сатысында қыстап, ересек қоңыз келесі мамыр – маусым айларында шығады. Оның қанында кантаридин уы болғандықтан дәрілік май (пластыр) алынады. Кептірілген қоңыз медицинада пайдаланылады. Шетен, ұшқат және жеміс ағаштарының жапырақтарын, қара бидайдың масағын кеміріп, оны зақымдайды. Күрес шаралары мамыр – маусымда түрлі инсектицидтер себу. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Қатты қанаттылар Санат:1758 жыл