Алакөл көмір кен орны — Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аралығында жатқан Алакөл ойысында орналасқан.

Геологиялық құрылымы Құрамында көмір қабаттары кездесетін кентас қалыңдығы 300 м-ден астам юра кезеңінің шөгінді жыныстарынан синклинальдық құрылым болып қалыптасқан. Оның ішіндегі көмірлі қатпар (қалыңдығы 100 – 125 м) құмтастан, алевролиттен, аргиллиттен, конгломераттан, көмірлі аргиллиттен және 6 көмір қабатынан тұрады.

Құрамы Көмірі қарашірінді және сапропельді-қарашірінді, көміртек мөлшері 73,8 – 75,8%, күкірті (0,4 – 0,94%) мен күлі (3,1 – 8,6%) аз, қызуы жоғары (7220 – 7450 ккал/кг). Алакөл көмір кен орны жергілікті отын мұқтажы үшін пайдаланылады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- томЖетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы кен орындары Санат:Қазақстан көмір кен орындары

Санат:Жетісу кен орындары