Алма жасыл бітесі () – теңқанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын, алма ағашының теңқанаттылар зиянкес жәндігі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Көбінесе жас алма ағаштарын зақымдайды. Түсі көк және сұр, ұзындығы 3 мм-дей. Алма жасыл бітесі жұмыртқаларын (ұрығын) жас өркен бүршігінің түбіне салып, сонда сақтайды. Көктемде олардан шыққан дернәсілдер бітеге айналып, олардың әрқайсысы 40 – 50-ден қайтадан тірі дернәсіл шығарады. Бір жылда 10-шақты рет көбейеді. Жазда қанатты бітелерге айналып, бау-бақшаларға таралады. Ағаштың жас сабақшалары мен жапырағының сөлін сорады. Соның кесірінен жеміс өркенінің өсуі тоқтап, қисайып немесе қурап қалады. Күрес шаралары: зиянкестерге қарсы карбофос, метафос, антио, фосфамид, т.б. инсектицидтер қолданылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жартылай қатты қанаттылар Санат:Зиянкестер