Алтайсор – Ерейментау тауының солтүстігінде орналасқан көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Бөгенбай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде. Теңіз деңгейінен 205 м биіктікте.

Аумағы Аумағы 5,9 км2, ұзындығы 7,9 км, ені 3 км. Жағалау бойының ұзындығы 27,2 км. Ең терең жері 0,2 м. Су жиналатын алабы 1310 км2.

Гидрографикасы Жағалауы жазық, түбі лайлы. Қар суымен толысады. Кей жылдары кеуіп қалады.

Санат:Ерейментау ауданы көлдері