Алуа – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Амангелді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде орналасқан тұзды көл.

Гидрографикасы Аумағы 7,7 км2. Теңіз деңгейінен 117,5 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 11,8 км. Жағалауы жайпақ, қамыс, құрақ өскен. Көл табаны лайлы. Көл негізінен жауын-шашын, қар суларымен толысады. Жағалауы шабындыққа пайдаланылады.

Аңыздар Алуа деген сұлу қызға, Жарылқамыс дейтін жігіт ғашық болады да, елдің рушылдық тәртібі қатал кезде, әдет-салтын бұзып, алып қашады. Екі ғашық осы көлдің шығыс жақ жағасына өскен қалың мойылға жеткенде, арттарынан қуғыншылар да кеп үлгіреді... Жарылқамыс найзагер батыр жігіт екен дейді. Қуғыншылармен ол соғысады да, кепке топырақ шаша алмай өледі, оны көрген Алуа өзін-өзі өлтіреді. Ғашықтар сол араға көміледі, көл содан Алуа» аталып кетеді.

("Өмір мектебі-ІІ". Сәбит Мұқанов) Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері