Аражегіш () – сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Қазақстанның батыс аудандарында, Тянь-Шань тауларында кездеседі.

Дене тұрқы 45 – 62 см, қанатының ұзындығы 37 – 47 см, салмағы 500 – 800 г-дай. Тұмсығы онша биік емес, танау тесігі саңылауланған және көлбеу орналасқан. Езуі мен маңдайы бірін-бірі бастыра өскен қысқа қауырсыншалармен тығыз жабылған. Сондықтан оны ара шаға алмайды. Тырнақтары үшкір болғанымен әлсіз, арқа жоны қоңырқай, мойны ақшыл, бауыры қошқыл қоңыр не шұбар болады. Жеңіл ғана қалықтап ұшады. Ұясын ағаш басына салады, кейде құзғын, қарға, т.б. құстардың ұяларын пайдаланады. Мекиені 2 – 4 жұмыртқаны 34 күндей басады, балапандары 40 – 45 күнде ұядан ұшады. Негізгі қорегі – ұсақ жәндіктер және шоғырланып тіршілік ететін аралар.

Аражегіш қаршыға – жыл құсы. Сәуірде ұшып келіп, қыркүйекте қоныс аударып, Оңтүстік Африкада қыстайды.Қазақ энциклопедиясы I том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Құстардың аттары

Санат:Сұңқартәрізділер Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар Санат:Еуразия құстары