Астық қандаласы () – дәнді дақылдарды зақымдайтын зиянды жәндік. Қазақстанда екі түрі бар. Бақашық қандала Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына; Үшкір басты қандала Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысытарына көп тараған. Бұлар аңызда, астық тұқымдас көп жылдық өсімдіктерді паналап қыстап шығады да, егіс көгін ойсырата жейді. Күрес шаралары: егінді қысқа мерзімде жинау; егіс жағалауындағы арамшөптерді құрту; егістікті сыдыра жырту; не қайырмалы соқамен сүдігер жырту. ДДТ дусы, 2,5%-ды метафос дусы, 65%-ды хлорофос қолданылады.Қазақ энциклопедиясы I том

Сілтемелер Астық кенесі Астық бітесі Астық қоңызы

Сыртқы сілтемелер Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру

Дереккөздер

Санат:Жартылай қатты қанаттылар