Ашудасты – Жетісу облысы Көксу ауданы Көкшиелі тауының оңтүстік-шығысындағы тау.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 1160 м. Тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Батысы мен оңтүстік-батысында бірнеше ұсақ шоқылар бар. Беткейі негізінен жайпақ келген.
Өсімдігі Таудың сұр топырағында жусан, қылқұрт, боз, селеу, баурайындағы бұлақтардың бойында астық тұқымдас шөптесіндермен бірге бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы таулары